2019-2020 оқу жылында 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шарала » CШ №13
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2019-2020 оқу жылында 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шарала
09
сентябрь
2019

2019-2020 оқу жылында 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шарала

2019-2020 оқу жылында 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мақсаты: мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және Қазақстан Республикасындағы этнос елдерінің дамытылуына қолдау көрсету, жас ұрпақ бойында ортақ Отанымыз – Қазақстанғадеген сүйіспеншілікті қалыптастыру.
5 қыркүйек -13 қыркүйек аралығында мектебімізде Қазақстан Республикасы тілдер мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары құрылып бекітілді. «Ана тілім мақтанышым, мерейім» атты мерекелік апталық өтті. Өткізілетін мерекелік іс-шараларға тіл мамандары мұғалімдері жауапты болды.
Жоспар бойынша 5 қыркүйек күні мектеп кітапханасында «Тіл – халықтың жетістігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге үш тілдегі кітаптар қойылды, тақырыпқа байланысты қанатты сөздер ілінді. Белгіленген күндері бастауыш, орта, жоғары буын сынып оқушылары кітапханаға саяхатқа шықты. Кітапханашы Г. Койбагарова оқушылармен кітап көрмесі жанында қазақ тілі – мемлекеттік тіл, елімізде тұрып жатқан ұлт өкілдері және үш тілділік туралы әңгіме жүргізді.
5-12 қыркүйек аралығында 1-11 сынып жетекшілері өз сыныптарында ана тіліне байланысты сынып сағаттарын өткізді.
5 қыркүйек күні 5-9 сынып оқушылары арасында «Сүйемін туған тілді-анам тілін» тақырыбында қабырға газеттері шығарылып, оқушылар қорғап шықты. Осы тіл мерекесі аталу барысында қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Ш. Икласова 6 – сыныптарда «Тіл – атадан қалған асыл мұра» тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізсе, Л. Назекеева 7- нші сыныптарға «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында баяндама қорғатты. Баяндама оқу барысында оқушылар өздеріне тілдің маңыздылығы туралы көптеген мәліметтер ала білді.
Мұғалімдер сабақтарында ақпараттық – коммуникативтік технологияны шебер меңгергендіктен ,оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеуде көп ізденіс жасауда екендіктерін, жаңа заманға икемді ұрпақ тәрбиелеуде шеберлігін көрсете білді. 6.09 күні қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қ. Дюсебаева «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында тіліміздің тірегіміз екендігін жіті түсіндіріп, оқушылардың патриоттық сезімдерін арттыра білді. Сонымен қатар Г. Изтурганова 8 «В» сынып оқушыларымен «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сондай-ақ, 8-9 сынып оқушылар арасында «Тіл –ел байлығы» тақырыбында латын қарпінде шығарма жаздырды. 10-11 сынып оқушылары және ұжым мұғалімдерінен диктант жұмыстары алынды.
Орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері апталыққа белсене атсалысты. Р. Арлиева 11 сынып оқушыларымен «Русский язык – язык межнационального общения. Мировое значение русского языка» тақырыбында баяндама оқып, талдау әңгіме жүргізді, балалар өз ойларымен бөлісті. Р. Хахар орыс әдебиеті сабағында «А. С. Пушкин. Жизнь и судьба» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. З. Даурова 7 «В» сынып оқушылары арасында «Моя малая Родина» тақырыбымен шығарма-эссе байқауын өткізіп, таңдаулы деген шығармалар мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды. Мақсаты: Туған жер, Отан туралы ойларын білу, оны дұрыс жеткізе білуге үйрету. «Посещение библиотеки» кітапханалық экскурсия сабағын орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Р. Шимарова 5 сынып оқушыларымен өткізді. Мақсаты: жас оқырмандарды кітапхана жұмысының тәртіптерімен таныстыру, оқушыларды кітап оқуға шақыру, кітаптарды күтіп ұстауға баулу.
Ағылшын тілі пәні мұғалімдері шетте қалмады. Ж. Қарсыбаева 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Тілдер әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шараны сайыс түрінде ұйымдастырды. Мақсаты: оқушылардың ғылыми-дидактикалық көзқарасын қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту; ойлау белсенділіктерін арттыру және олардың тілге деген, соның ішінде ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын арттыру. Ж. Белдеубаева 10 сынып оқушыларымен «Үш тұғырлы тілдің болашағы жарқын» атты сыныптан тыс сайыс сабағын өткізді. Мақсаты: сөз өнерін, шешендік пен тапқырлықты дамыту; қазақ тарихындағы салт-дәстүрлердегі тіл шұрайын тану, үлгі алу; Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау. Б. Базарбаева 8 «В» сыныбымен мемлекетік тіл туралы ашық сабақ көрсетті. Мақсаты: сөздік қорларын молайту, сөйлеу қабілеттерін дамыту арқылы өз ойларын терең жеткізуге үйрету; сөйлеу, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын дамыту; Отанын сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Тіл мерекесіне арналған апталық «Сүйемін туған тілді, анамның тілін» тақырыбында концерттік бағдарламамен аяқталды. Өткізілген іс-шараларға оқушылардың өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, өзге ұлт тілін құрметтеп, өз ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатын қамтыды. Бұл мереке халықтардың достығын, ынтымақтастығын , бірлігін күшейте түскені анық.

2019-2020 оқу жылында 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шарала
2019-2020 оқу жылында 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы тілдер күніне арналған мектепішілік іс-шарала