Ұстаздар күні » CШ №13
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
октябрь
2019

Ұстаздар күні

Ұстаздар мерекесі

Ағымдағы жылдың 1-6 қазан аралығында мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдік ынталандыру, Ұстаздар мерекесін атап өту мақсатында мектепішілік іс-шара жоспары құрылып бекітілді. Жоспарға сәйкес 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Ұстазға мың алғыс!» банері әзірленді. Онда оқушыларлар ұстаздарға құттықтау тілектерін жазып ілді. «Мұғаліміңді құттықта» атты бір күндік акциясын жүргізді. Мектеп оқушылары ұстаздарды бейнеролик арқылы үш тілде құттықтап, тілектерін жолдады. Бейнероликтер әлеуметтік желілерге орналастырылды. «Ұстазға мың тағзым» тақырыбымен жоғары сынып оқушылары 5 қазан күні бастауыш сынып оқушыларымен өзін-өзі басқару күнін өткізді. Оқушылар ағылшын, орыс тілі, қазақ тілі, жаралылыстану, т.б.пәндерден сабақтар жүргізді. Көркем еңбек сабағында 5-6 сынып оқушылары өз қолдарымен құттықтау открыткаларын дайындап, сүйікті ұстаздарына сыйға тартты. 11 «А», 4 «А», «Ә», «Б», «В», «Г» сынып оқушылары «Ұстаздар – ұлы тұлғалар» тақырыбымен концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік іс-шараның құрметті қонағы ретінде ардагер ұстаздары –Н. Чокаев, С. Щимеева, Ш. Керимкулова, Б. Қуанышбаев кештің құрметті қонағы ретінде шақырылып, сый-құрмет көрсетілді, оқушылар қолдан жасаған бұйымдарын сыйға тартты. 

Ұстаздар күні

 

Ұстаздар күні

 

Ұстаздар күні

 

Ұстаздар күні

 


 

Похожие публикации:

27 март 2017 Мектеп туралы