№13 орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына байланысты мектепішілік іс-шаралар » CШ №13
Жамбыл облысы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№13 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №13 орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына байланысты мектепішілік іс-шаралар
15
февраль
2020

№13 орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына байланысты мектепішілік іс-шаралар

№13 орта мектебінде Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына байланысты мектепішілік іс-шаралар жоспары құрылды. Құрылған жоспар кестесі бойынша іс-шаралар 13-15 ақпан аралығына созылды. Бірінші күні Ауған соғысына қатысушы ардагерлермен кездесу ұйымдастырылып, Мемлекеттік Әнұранмен салтанатты түрде ашылды. Мектеп Ауған соғысының ардагерлері Вейсыр Л. М. (капитан) , Сулеев Ш. С. (сержант) , Дауров И. Х. (қатардағы жауынгер) қошеметпен шапалақтап қарсы алды. Алдымен қонақтар оқушылармен сұхбаттасты. Оқушылар ардагерлерге көптеген сұрақтар қойды, олар сұрақтарға жауап беріп, есте қалған әңгімелерін айтып, тағы қандай сұрақтары бар екендігін сұрады. Сондай-ақ, мектеп оқушыларға әскер қатарына баруға ешқашан бас тартпау керектігін, Отанды, туған жерді сүйе білу керектігін, олар елінің ертеңгі болашағы екендігін ескертіп өтті. Соғыстың ешкімге ешқандай жақсылық әкелмейтіндігін, ендігі болашақта аспанымыз ашық, елімізде, бүкіл әлемде бейбітшілік болуын қалайтындықтарын айтты. Екінші кезекте мектеп оқушылар өздері дайындаған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Концерттік бағдарлама басында Ауған соғысы туралы видео материал көрсетіліп, соғыста құрған болған боздақтарды 1 мин үнсіздікпен еске алды. Келген қонақтарға мектеп сый-сыяпаттарын ұсынып, мерекелік дастарханға шақырды. 14-ақпан күні АӘД пәні мұғалімі М. Базарбаев және дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепішілік әскери-спорттық байқау ұйымдастырылды. Соңында жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталды. 15-ақпан күні 1-11 сынып жетекшілері бірыңғай «Ауғанның отты жалыны» тақырыбымен тәрбие сағаттарын өткізді. Мектеп оқушылары Ауған соғысы туралы толықтай ақпараттандырылып, патриоттық тәрбие ала білді десек болады.